22.08.2019, 06:10

Метеорологиялық жағдай ауаның ластануына ықпал етеді

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

22 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 1 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып. 

Синоптиктердің деректері бойынша, Ақтөбе қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.   

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: ауа райы