$ 494.87  520.65  4.91

«Митингіге шығып жатыр ма екен?!»: суретші полицияның ақ қағаздан күдіктенгеніне наразы (ВИДЕО)

«Әрбір азаматты күдікті десек, не болады? Полицияның бізді тексергені түсірілген] видеоға біреу «Базардан балта сатып алдым. Үйге барғанша ешкім тоқтатқан жоқ» деп пікір жазыпты. Ол есі дұрыс емес адам болса, бәрін өлтіре салады ғой. Ал мен жай ватманмен келе жаттым, сол үшін бізді тексеріп жатыр», - дейді ол.

Тамыздың 15-інде Қостанайдағы аялдамалардың бірінде буулы ақ плакат ұстаған суретшіге полиция келіп, қағазында не барын сұрайды. Сурет салуға арналған таза қағазды көрген полицей азаматтың аты-жөнін жазып алып, кетіп қалады. Азаттық радиосына сұхбат берген суретші Қазақстан полициясының жұмысына «разы емесін» айтты.

«Қостанайлық суретшіні полиция митингіге шыққан азамат деп қалды» деген атпен видео тамыздың 16-сында әлеуметтік желіде тарай бастады. Екі жарым минуттық видеода полиция қызметкері екі азаматтың құжатын тексереді.

Тексеру себебін білмек болған тұрғындарға полиция өкілінің не деп жауап бергені анық естілмейді. Бірақ рация арқылы әлдекім «қолында - плакат» деген соң әлгі полицей де тұрғын қолындағы буулы қағазды нұсқайды. Артынша ер адам ораулы плакатын ашып көрсетеді. Сурет салуға арналған ватман қағазы екенін көрсеткен азаматтан екінші бір полицей көліктен шығып келіп, құжатын сұрайды.

«КҮДІКТІГЕ ҰҚСАҒАН»

Құжаттарды алып жатқанда полиция рациясынан "пикет, пикет» деген дауыс естіледі. Полицейлер екі азаматтың аты-жөнін, туған жылын жазып алады да, қоштасып кетіп қалады.

Полиция атын жазып алған екі азамат - ерлі-зайыпты 31 жастағы Дархан Бегайдаров пен 27 жастағы Ақбота Файзуллина. 

«Сол күні портретке тапсырыс түсіп, әйелім екеуміз қаладағы канцелярия тауарлары дүкенінен ватман алып, қайтып бара жатыр едік», - дейді суретші.

Бізге «митингіге шығып жатыр ма екен" деген күдікпен келген ғой. Рацияда «пикет» туралы айтып жатса, қайдағы ұрлық?

Азаттық ерлі-зайыптыны тексеру себебін сұрап, Қостанай облыстық полиция департаментіне хабарласқан. Облыстық департаменттің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің сөзінше, «екі азамат облыс орталығында ұрлық жиілеп кеткен соң тараған нұсқаудағы күдіктіге ұқсаған».

«Азаматтарға ұрлықтан күдіктеніп келген полицейлер бір-біріне не себепті «Пикет, пикет» деді?» деген сұрағына Беженарь:

«Видеода [олай дегендері] естілмейді. Менде ондай видео жоқ. Олай дегендерін естімедім», - деп жауап берді.

Азаттыққа сұхбат берген Дархан Қостанай полиция департаментінің "екі азамат күдіктілерге ұқсады» дегенімен келіспейді.

«Ол өтірік. Сылтау ғой. Келіспейтін нәрсе. «Ұрыларға ұқсап кетті» дейді. Қайдағы ұқсағаны?! Олар бізге «митингіге шығып жатыр ма екен» деген күдікпен келген ғой. Рацияда «пикет» туралы айтып жатса, қайдағы ұрлық?», - деп шамданды Бегайдаров.

Бегайдаров полиция әрекетін «заңсыз» санайды. Оның сөзінше, полицейлер әйелі екеуіне тексеруді негіздейтін құжат көрсетпеген.

«Әрбір азаматты күдікті десек, не болады? Полицияның бізді тексергені түсірілген] видеоға біреу «Базардан балта сатып алдым. Үйге барғанша ешкім тоқтатқан жоқ» деп пікір жазыпты. Ол есі дұрыс емес адам болса, бәрін өлтіре салады ғой. Ал мен жай ватманмен келе жаттым, сол үшін бізді тексеріп жатыр», - дейді ол.

Журналист, қазақстандық адам құқығын қорғау бюросының өкілі Андрей Свиридов қостанайлық суретші Дархан Бегайдаровтың парағының тексерілуін "полицияның жоспарды асыра орындауға деген ұмтылысынан туған жағдай" деп санайды.

«Бұл – күмәнді көрінген әрбір адамды ұстауды өкім еткен басшылық бұйрығына мойынсұну. Полицейлер «сақтықта қорлық жоқ» деген қисынға салып, осындайға барады», - дейді Свиридов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары