«Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру сынағы сәтті өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, осы роботтың ұшырылатынын таяуда ғана «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Twitter парақшасында мәлімдеген еді. Енді міне, содан араға көп уақыт салмай орбитаға шыққан ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына екі тәулікте жетуі тиіс. «Федор» атты робот оның ұшу кезеңдерін мүлтіксіз хабарлай алады.
Роскосмос телестудиясы бортында роботы бар ғарыш кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәтін стартқа жарты сағат қалғанда тікелей эфирден көрсете бастады. Соған сүйенсек, «Федор» орбитада 17 тәулік жұмыс істейтін болған.
Осы уақыт аралығында Халықаралық ғарыш айлағындағы ғарышкерлер оператордың қимылын қайталайтын арнайы костюм көмегімен роботты басқарады. Содан кейін ол қайта Жерге оралып, Қазақстанға 7 қыркүйек күні 00.35-те қонады.
«Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылар алдында робот ұшу алдындағы дайындық туралы баяндады. «Кеттік!» пәрменін айтуды да ұмытқан жоқ. 10 минут бойы ұшудың параметрі мен байқаған жағдайлар туралы комментарий білдіріп отырды.