$ 443.85  474.3  4.8

Оқушы кітабынан қандала шықты: білім басқармасы бұған не дейді?

Оқушының ата-анасы жәндіктің басқа оқушылардың да кітаптарында бар екенін алға тартып отыр.

Ақтауда жетінші сынып оқитын баланың ата-анасы мектеп кітабынан қандала тауып алған. Олар басшылыққа шағымданғанымен еш жауап ала алмаған деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқушының ата-анасы жәндіктің басқа оқушылардың да кітаптарында бар екенін алға тартып отыр.

"20 тамыз күні мектеп кітапханасында кітап таратты. Үйге келген соң біз олардың ішінен қандала көрдік. "Тосын сый" бар кітап тек бізде ғана емес екен. Басқа ата-аналар да жәндіктері бар кітап алыпты", - дейді жетінші сынып оқушысының әкесі.

Маңғыстау облыстық білім басқармасынан жауап күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары