22.08.2019, 21:55

Шымкентте лифтіде келіншекті айуандықпен өлтіріп кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі соты кәсіпкер әйелді өлтірген азаматты 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің лифтінде келіншекті айуандықпен өлтіріп кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі соты кәсіпкер әйелді өлтірген азаматты 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сонымен қатар, ол марқұмның отбасына моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге төлеуі тиіс.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, қанды оқиға ағымдағы жылдың 11 мамырында Шымкенттегі орталық көшелердің бірі Тәуке хан даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алды.

48 жастағы ер кісі лифтіде әйелге бірнеше дене жарақатын салып, сөмкесін алып кеткен. Оқиға орнынан бой тасалап, қылмыс ізін жасыру үшін ол қала аумағында бірнеше рет такси ауыстырыпты.

Подъезден шыққан ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған және сөмке ішінде кәсіпкер әйелдің ұялы телефоны болған. 

Көп ұзамай полицейлер қылмысқа күдікті ретінде бұрын сотты болған 48 жастағы ер кісіні ұстады. 

Тегтер: Шымкент