$ 498.34  519.72  4.85

Әлемде ең жоғары қаламақыны қай актер алады

Джонсон 2018 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 1 маусым аралығында 89,4 млн доллар табыс тапқан.

Ең жоғары ақы төленетін актерлардың тізімін Жақында ғана үйленген Дуэйн "Скала" Джонсон бастады. Ол әйгілі "Мстителий" фильміндегі Роберт Дауни-младший мен Крис Хемсвортты басып озды.

Forbes журналының мәліметінше, Джонсон 2018 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 1 маусым аралығында 89,4 млн доллар табыс тапқан.

2018 жылы басты рөлді Джонсон сомдаған "Небоскреб" фильмі шықты. Бұдан бөлек, «Футболшылар» сериалының әр эпизодына түскені үшін актерға 700 мың доллар төленеді», - делінген Forbes журналында.

Ол сонымен қатар кассалық франшизалардан, оның ішінде "Форсаж: Хоббс және Шоудан" пайыз алып отырады.

Аталмыш тізімнің былтырғы лидері Джордж Клуни «ондыққа» кірмеді. 

Екінші және үшінші орындарға "Мстителий: Финал" фильміне түскен актерлар Крис Хемсворт (62,9 млн) пен Роберт Дауни-младший (66 млн) табан тіреді. Олардан кейін ең көп төлемақы алатындардың қатарында Ашкай Кумар (65 млн) мен Джеки Чан (58 млн) көрінді. 

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#актер