$ 494.87  520.65  4.91

Оқушылар мектеп бітірген кезде кем дегенде 10 күйді үйреніп шығуы тиіс - Маңғыстау облысының әкімі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраны мектептерде балаларға үйрету қажеттігін айтты. Осыған қарай ұлттық өнерді насихаттау мақсатында оқушыларға арналған домбыра үйірмелерін көптеп ашуды көздейтін «Домбыра-дастан» жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

Маңғыстаулық оқушылар мектеп бітіргенде домбырада 10 күй ойнайтындай болуы тиіс. Бұл туралы Маңғыстау облысында өткен тамыз конференциясында облыс әкімі Серікбай Трұмов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраны мектептерде балаларға үйрету қажеттігін айтты. Осыған қарай ұлттық өнерді насихаттау мақсатында оқушыларға арналған домбыра үйірмелерін көптеп ашуды көздейтін «Домбыра-дастан» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын. Осылайша, маңғыстаулық оқушылар мектеп бітірген кезде кем дегенде 10 күйді үйреніп шығуы тиіс деп ойлаймын. Әрине, бұл шара жүзеге асырылса, ата-аналар да риза болары сөзсіз», - деді облыс басшысы конференция барысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары