$ 443.85  474.3  4.8

25 студент өз орнына басқа адам кіргізген: магистратураға түсу емтиханы қалай өтті?

Спикердің айтуынша, емтиханға кірер кезде 20 497 смартфон мен электронды құрылғы, 498 шпаргалка, 373 калькулятор мен өзге де заттар алынған.

Магистратура тестілеуіне 25 студент өз орнына басқа адамды кіргізген. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз емтихан кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланып, тапсырма жауабын көшіріп алмақ болған 1 000 абитуриентті ұстадық. Осылайша 1021 жұмыс жойылды. Бұл азаматтар, тіпті, ақылы бөлімге түсе алмайды», - деді ол ОҚК-де өткен пресс-конференция барысында. 

Сондай-ақ, спикер өткен жылы осы сияқты ереже бұзу кезінде 174 адамның жауабы жойылғанын еске салды. Дидар Смағұлов орнына біреуді кіргізген студенттердің болғанын айтты. 

«25 адам өз орнына басқа біреуді кіргізіп жібермек болды. Әр фактіге сәйкес, Ішкі істер министрлігіне ақпарат жолданды. Әлеуметтік желіде осындай тәртіпсіз үміткерлер арасында Ақтөбе облысы полициясының қызметкері бар екені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол ІІМ академиясының мөрін қолдан басыпты-мыс. ІІМ-ге осы фактіні де бағыттадық. Анық-қанығын біліп, қандай да бір шара қолдану үшін», - деді ол. 

Спикердің айтуынша, емтиханға кірер кезде 20 497 смартфон мен электронды құрылғы, 498 шпаргалка, 373 калькулятор мен өзге де заттар алынған. Барлығы 21 мың тыйым салынған зат алынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары