$ 449.58  486.94  4.86

Оралда үш автокөлік соқтығысып, әйел мерт болды

Оқиға бүгін түстен кейін Пугачев пен Чагано-Набережная көшелерінің қиылысында болды.

Оралда үш автокөлік соқтығысып, әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиға бүгін түстен кейін Пугачев пен Чагано-Набережная көшелерінің қиылысында болды. 

Осы жерде «Лада Приора», «КамАЗ» және «Фольксваген Гольф» автокөліктері соқтығысқан.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Лада Приора» мен «КамАЗ» көліктерінің соқтығысқаны жөнінде сағат 15.40-та мәлімет түскен. 

Оқиға орнында құтқарушылар (4 адам, 1 техника) жұмыс жасап, арнайы құрылғының көмегімен автокөліктің есігін ашып, зардап шегушіні шығарып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал