$ 444.22  476.38  4.82

Дәрігерлер 8 айдан бері ұйықтап жатқан қыздың жағдайы жайлы айтып берді

Нина Деркачтың сөзінше, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Қарағандыдағы сегіз айдан бері ұйықтап жатқан екі жастағы қызға қатыстыы балалық аурухананың мамандары пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Анасы баланы оятқанымызды қалайды. Бірақ, біз бұлай жасай алмаймыз. Әзірге, қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Біз барлық зерттеулерді, соның ішінде генетикалық зерттеуді де жүргіздік. Алайда, біз балаға нақты не болғанын кесіп айта алмаймыз", - деді облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары нина Деркач.

Нина Деркачтың сөзінше, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда.

"Өкінішке орай, прогресс жоқ, өмірлік функциялары жоғарыламайды, одан сайын төмендеп жатыр. Бірақ, біз қол қусырып қарап отырмаймыз және анасына да өзімізге де үміт береміз. Дәл осы себепті сегіз айдан бері баланың сауығып кетуіне көмектесіп отырмыз", - деді Нина Деркач.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында екі жасар қыз өзін нашар сезінген соң, ұйықтап қалған. Одан бері сегіз ай өтсе де, сол ұйықтаған күйі әлі оянбапты. Алайда баланың тістері жарып, ауырсынуды сезініп, салмақ қосуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды