Үндістанның Джайпур қаласында өтіп жатқан гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Непалді жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл отандастарымыздың екінші ойыны болатын. Қазақстандықтар 46:15 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық гандболшылар Үндістан, Қытай, Моңғолия және Непалмен бірге В тобында өнер көрсетуде.
Біздің команда алғашқы ойында 25:32 есебімен Қытай құрамасына жол берген болатын.
Дереккөз: BAQ.KZ