Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Түркияда далада дірдектеп отырған баланы көргенін, оған көмек беруге ешкім асықпағанын айтты.
«Егер бұл бала біздің елде осылай түнде көшеде жатса, президенттен бастап, полицияға дейін сынайтын едік.
Стамбұлда бұндай балалар он метр аттасаң көресің.
Ешкім мән беріп жатқан жоқ, бәрі қасынан өтіп кетіп жатыр.
Мен барып баладан жағдайын сұрасам, «үйім жоқ, жаурадым» деп дірілдейді. Өзге елде де тыныш жүрмеймін ғой, жұрттар сияқты кете берсем болады ғой. Жоқ мен міндетті түрде, "көмек берейік" деп жан жағыма қарап айқайлауым керек! Жәй көмек сұрасам мақұл ғой, полиция шақырсам, ешкім келмейді. Көргендер күліп кетіп бара жатыр. Мұсылман елі, иманды елден бұндай күтпептім. Еуропа, Америкада көшеде жатқан бала көргенсіздер ме? Әрине жоқ! Олар бала түгілі, жануарлардың құқығын қорғайды. Мұсылман елдеріне қарасам осындай адам құқығы тапталып, қорланып жатқанын көремін де, «Құран осы нақты мұсылмандарға түскен бе?» деп ойланып қаламын. Себебі бүкіл жауыздық мұсылман елінде болып жатқан сияқты болып көрінеді кейде. Ауғанстан, Ирак, Иран, Сирия оған дәлел.
Оданда батысқа ұқсағанымыз дұрыс ау!
Ұрпағымыз көшеде осылай жатпас үшін!», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.