24.08.2019, 05:00

Азия чемпионатында қазақстандық гандболшылар Непал құрамасын жеңді

Қазақстандықтар 46:15 есебімен жеңіске жетті.

Үндістанның Джайпур қаласында өтіп жатқан гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Непалді жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл отандастарымыздың екінші ойыны болатын. Қазақстандықтар 46:15 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, қазақстандық гандболшылар Үндістан, Қытай, Моңғолия және Непалмен бірге В тобында өнер көрсетуде.

Біздің команда алғашқы ойында 25:32 есебімен Қытай құрамасына жол берген болатын. 

Дереккөз: BAQ.KZ

Тегтер: Азия