$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда 500 литр дизель төгіліп қалды

Ақмолалық құтқарушылар абайсызда жерге төгілген 500 литр дизель отынының жануына жол бермеді

Ақмолалық құтқарушылар абайсызда жерге төгілген 500 литр дизель отынының жануына жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттық-құтқару жұмыстары кеше түнде Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешіті маңында жүргізілген. 

«Назарбаев даңғылында келе жатқан жүк көлігі дөңгелегімен құдықты басып өткен. Ауыр салмаққа шыдамаған құдықтың қақпағы аударылып, автокөліктің жанармай құятын багын тесіп жіберді. Салдарынан 500 литр дизель отыны 50 шаршы метр аумаққа төгілген», - деп мәлім етті ведомстводан. 

Құтқарушылардың айтуынша, төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық шаралар жасалған. Олар оқиға орнына көбік жаудырды. Зардап шеккендер жоқ. 

Жүк көлігінің рөліндегі Беларусь азаматы тез арада көмекке келген құтқарушыларға алғыс айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Көкшетау