Қызылорда полицейлері перзентхананың күзетшісін соққыға жыққан екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, оқиға 22 тамызда "Ана мен бала" орталығында болған.
"Жедел іс-шаралар барысында Байқоңыр қаласының 32 жастағы тұрғыны таныстарымен бірге медбике мен күзетшінің қабылдау уақыты аяқталды дегеніне дөрекі жауап қайтарып, күзетшіні соққыға жыққаны анықталды", - деп хабарлады Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қазір бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті адамдар ұсталды, сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Желіде видео пайда болған, онда ер адам перзентханаға келуші мен күзетшіні ажыратып жатыр.