$ 494.87  520.65  4.91

Диетасыз қалай арықтауға болады?

Бұған дейін диетологтар бір ай ішінде артық салмақтан арылудың әдісін айтқан болатын.

Артық салмақтан арылғыңыз келсе, сүйікті тағамдарыңыздың мөлшерін азайтыңыз. Бұл туралы диетолог Грейми Томильсонның кеңесіне сүйене отырып The Sunбасылымы жазады.

Томильсонның айтуынша, кей тағамдардың порциясы көзге аз болып көрінуі мүмкін, алайда олардың калориясы ағзаға қажетті мөлшерден үш есе асып түседі. Мысал ретінде ол пепперони шұжығы қосылған пиццаның құнарлылығы туралы айтты: орташа көлемдегі мұндай пиццаның құрамында 678 калория бар, ал дәл осындай үлкен пиццада — 1923.

"Диетаға отырғанша, құнарлылығы жоғары тағамдар мен сусындардың мөлшерін азайтқан жөн. Көп жағдайда солардың кесірінен адам артық салмақ жинайды", - деп түсіндірді сарапшы.

Бұған дейін диетологтар бір ай ішінде артық салмақтан арылудың әдісін айтқан болатын. Мамандардың пікірінше, ол үшін жылдам көмірсулардан бас тартқан жөн. Яғни, рационнан тәтті және ұн тағамдарын, ақ күріш, ұнтақ жарма, банан, жүзім, шарап, картоп және газдалған сусындарды алып тастау керек.

Бұдан бөлек, диетологтар теңіз өнімдерін, қарақұмық, сұлы және ас көкті көп жеуге кеңес береді. Мінсіз мүсінге ие болу үшін тұзды да аз пайдаланған дұрыс, тіпті бір ай бойы мүлдем бас тартуға да болады. Сонда ағзадағы сұйықтық жылдам әрі жеңіл шығып кетеді.

Соныман қатар кардио жаттығулар көздеген мақсатқа тез жетуге септігін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#диета