$ 498.34  519.72  4.85

Тіс пастасынан келетін қандай қауіп бар?

Жарылып кеткен ерінді тез емдеудің БІР ҒАНА әдісі бар.

Еріннің құрғауы, жарылуы көптеген қыз-келіншектердің уайымы. Бұл күн суытқанда пайда болады. Сұлулықтың сынын бұзбау үшін әрдайым ерінге де ерекше күтім қажет. Сондықтан, ауа температурасының ауысатын мезгілінде сақ болыңыз. 

Ерін - тері 

Еріннің терісі өте нәзік, сондықтан онда май бездері болмайды. Соның әсерінен әрине, ерін тез құрғауға бейім болады. Ағзадағы ылғалдың аздығы, судың тапшылығы да еріннің кезеруіне алып келсе, салқын ауа райының да әсерінен еріннің құрғап, жарылуы пайда болады. 

Сондықтан, көбірек су ішіңіз, сыртқы жағымсыз факторлардан қорғаңыз.

Себептері де сан алуан 

Аллергиялық аурудың әсерінен де ерін кебеді. Тағы бір себебі, тіс пастасын ұзақ уақыт бойы өзгертпеу. Яғни, тістің саулығы үшін тіс пастасын жиі ауыстырып тұру ұсынылса, ерінге де қатысты. Өйткені, құрамындағы фтор ерінді қорқынышты күйге түсіруі мүмкін. Сондай-ақ, ерінге арналған далапты дұрыс таңдамасаңыз да, ондағы кейбір компонеттер құрғақтықты тудыруы мүмкін. 

Егер ерін далабын жаққан соң, осындай ыңғайсыздықты байқаған болсаңыз, оны дереу косметикалық сөмкеңізден алып тастаңыз.

Кейде еріннің күйі денсаулықтан да хабар береді. 

Егер ағзада гемоглобин мөлшері жетіспесе де ерін қабыршақтанып, кезереді. Мұндайда тек ерін ғана емес, шаш пен тырнақ та сынғыш, жұқа болады. Үнемі өзіңізді шаршаңқы сезінесіз. Мұндай жағдайда, әрине, сізге дәрігерге баруға кеңес береміз. 

Авитаминоз дерті де осы мәселені тудырады. А және Е дәрумендерінің ағзада жеткіліксіздігінен ерін құрғайды. Егер осындай жағдай болса, көбірек көкөністер жеңіз. Сәбіз, асқабақ, қауын, болгар бұрышы сияқты сары түсті жемістер мен көкөністерді тамақтану рационыңызға көбірек қосыңыз. 

Үй жағдайында күтім жасау 

Ерінге арналған күтімді үй жағдайында да жасауға болады. Ол үшін ерніңізге тек қана бал жағып қойсаңыз жеткілікті.

Дереккөз: Ernur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары