24 тамыз күні Маңғыстау облысы Шетпе ауылында автожолда жүк көлігі өртенді, деп жазады Lada.kz.
Полицейлердің мәліметінше, өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Жүргізуші жапа шекпеді. Фура толық жанып кетті. Алайда тіркеме дін аман.
Оқиға орнында полицейлер жұмыс жүргізді.