$ 494.87  520.65  4.91

Телеграм-бот арқылы 25 түрлі қызмет алуға болады

Мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа ауысуының арқасында ел тұрғындары үйде отырып-ақ, қажетті құжаттарына қол жеткізе алады.

Енді Telegram-бот арқылы 25 мемлекеттік қызмет түрін электронды форматта алуға болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері хабарлады. 

Атап айтқанда, EgovKzBot пен mgov.kz-ке тіркеліп, мекенжай анықтамасын, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу, әлеуметтік мәртебені тексеру, емханаға тіркеу, дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, жұмыс табу, маман іздеу, наркологиялық және психоневрологиялық анықтама, тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу, жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманы, туберкулезге қарсы анықтаманы, туу туралы куәлікті, жеке куәлікті (төлқұжат), диплом көшірмелерін, өмірге сәби әкелгендерге төленетін жәрдемақы мен зейнеткерлік төлемдерді онлайн нұсқада алуға болады. Аталған құжаттардың телеграм-бот арқылы алу уақыты – 2 минут. Сол уақыт ішінде құжатыңызды рәсімдеп, e-mail поштаңызды көрсету арқылы ала аласыз.

«Мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алуға болатынын біраз адам білмейді. Электронды қызметтерді кез келген тұрғын мобильді қосымшалар арқылы ала алады. Тиісті құжаттарды тәулік ішінде онлайн нұсқада алуға мүмкіндік бар. «Цифрлық Қазақстанның» бір жетістігі – осы», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары.

Мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа ауысуының арқасында ел тұрғындары үйде отырып-ақ, қажетті құжаттарына қол жеткізе алады. Бұдан уақыт үнемделіп, шығын қысқарады. 

Еске сала кетейік, электронды үкімет @EgovKzBot-ты 2018 жылдың мамырында іске қосқан болатын. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу айтарлықтай жеңілдеп, тиімділігі арта түсті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#eGov #телеграм