$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда 60 жол белгісін 80-ге ауыстыру бүгін аяқталады

Орнатылып жатқан жаңа белгілердің бір бөлігі бұрын осы жолдың бойында тұрған.

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында жылдамдық режимінің өзгеруіне байланысты жол белгілері ауыстырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орнатылып жатқан жаңа белгілердің бір бөлігі бұрын осы жолдың бойында тұрған.

"Бұған дейін жол бетіндегі ескертулер ауыстырылып, камералар қайтадан 80-ге орнатылды. Қазір 60 деген жол белгілері 80-ге ауыстырылуда. Оны бүгін, 26 тамызда аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Әл-Фараби мен Шығыс айналма жолында барлығы 52 белгі қажет", - деді Монтаждау-пайдалану мекемесінің техникалық бақылау инженері Валерий Скударнов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #жол