$ 494.87  520.65  4.91

59 жастағы әйелдің қарнынан 25 келі ісік алынып тасталды

Дәрігерлер әйелді тексерген кезде оның қарнынан үлкен ісікті тапқан. Науқас бірден ота жасалу бөлмесіне жатқызылыпты.

Бауман атындағы № 29 клиникалық аурухананың дәрігерлері  59 жастағы мәскеулік әйелдің қарнындағы үлкен ісікті алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Н.Э.Бауман атындағы № 29 клиникалық ауруханасына жедел жәрдеммен 59 жастағы әйел жеткізілді. Фельдшер-дәрігері әйелдің жол бойы ауырып келгенін және тіпті демала алмай қалғанын айтты», – дейді Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі. 

Дәрігерлер әйелді тексерген кезде оның қарнынан үлкен ісікті тапқан. Науқас бірден ота жасалу бөлмесіне жатқызылыпты. Бұл жағдай тәжірибелі деген дәрігерлерді де таң қалдырыпты. Сөйтіп науқастың қарнынан 25 келі ісік алынып тасталған. 

Ота сәтті өткен. Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары