$ 447.4  477.55  4.76

Талғарда әкімдіктің алдында қоғам белсендісіне оқ атылды

Оқиға 26 тамызда әкімдіктің кіреберісінде болған.

Алматы облысы Талғар ауданында белгісіз біреулер қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға әкімдіктің алдында оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі. 

Оқиға 26 тамызда әкімдіктің кіреберісінде болған.  

"Ол маған қабылдауға келе жатқан. Неден атқаны белгісіз. Патрон емес, ол жараланбаған. Менің білуімше, ол медициналық көмектен бас тартқан. Полиция келіп, оқиғаны тіркеді. Сосын қабылдауға кірді. Ойындағысын айтты. Қазір бейнебақылау камераларын қарап жатырмыз", - деді аудан әкімі Дәрмен Қадырбекұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары