$ 442.05  474.14  4.74

Анасы баласының көзін байлап, шынжырлап отырғызып қойған

Ұл бала анонимді хаттан кейін табылған.

Баласының көзін байлап, шынжырлап отырғызып қойған украиналық әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Днепрде балалар жөніндегі қызметтің мамандары баланы көзі байланып, скотчпен оралған күйі тауып алды. Сондай-ақ, анасы оны шынжырлап, диванның жанына отырғызып қойған. Бұл туралы Украинаның ұлттық полициясы хабарлады. 

Ұл бала анонимді хаттан кейін табылған. Ведомство мәліметінше, әйел адамның төрт кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар: 4, 6, 8 және 13 жаста. Ол осы балалардың үшеуіне қамқоршы болған. 

Балалар әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығына орналастырылды. Қатыгез әйелге қатысты 127, 146 және 166-баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Украина