$ 445.66  474.58  4.78

3 адам зардап шекті: Оралда автокөлік электр бағанына соғылды

1996 жылғы ер адам алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатымен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Оралда автокөлік электр бағанына соғылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 тамыз күні сағат 18.00-дер шамасында орын алды. 

«Лада Гранта» автокөлігі электр бағанына соғылып, оқиға орнына құтқарушылар шақырылған. Олар арнайы техниканың көмегімен автокөлік ішінде қыстырылып қалған жүргізуші мен екі жолаушыны алып шықты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Тәуелсіздік көшесі бойында болған жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем сағат 17.57-де шақырылды. 

1996 жылғы ер адам алдын ала  мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатымен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 1960 және 1974 жылғы ер адамдардың денесі көгерген. Олар ауруханаға жатудан бас тартты. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде екі көлік соқтығысып, бір адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал