$ 504.34  556.34  5.97

Әйелдің бойындағы дарыны отбасының ешқашан бітпейтін шаруасының астында тұншығып қалады

Жаратқанның құдыретіне шәк келтіретіндей кім едік?

Желі қолданушысы Оңайгүл Тұржан әйелдердің өз талантын көрсете алмауы еркектердің қысыман екенін айтады. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Ер адамның миына қарағанда әйел адамның миының салмағы 130 грамға кем. Демек, әйелдің ақылы аз деген сөз. Аз болмаса, неге әйелдерден ұлылар, пайғамбарлар шықпаған?» деген бір видеоны көріп ыза болып едім кеше, соны бүгін тағы біреу бөлісіп қойыпты. Әй, «скотина», ақылдылық пен ақымақтық жынысқа бөлінбейді. Жаратқан Иеміз тарыдайдың ішіне таудай талантты салып қоя алады, керісінше, таудайдың ішіне тарыдай бірдеңені даңғырлатып тастай салуға да құдыреті жетеді. Жаратқанның құдыретіне шәк келтіретіндей кім едік? Әкем ақылдырақ, анам ақымақтау деп айтуға қайсыңның дәтің барады?! Пайғамбар немесе ұлылар шықпаса, оған әйел кінәлі емес. Әйелдің бойындағы дарыны көп жағдайда от басының ешқашан бітпейтін және көзге көрінбейтін, бірақ үйдің берекесін сақтайтын шаруаның қым-қуытының астында тұншығып қалады немесе өзі әдейі тұншықтырады, отбасының берекесі үшін құрбандыққа шалады өз талантын. Немесе, кейбір көрсоқыр күйеулерінің қысымынан әйелдің дарындылығы өледі. Ағыны қатты ғұмырдың қай дауылында кімнің жол табары бір Аллаға ғана аян. Әй, қарақтарым-ай! 

...Айтады, айтады дегенге, қайтеді!»,- деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отбасы