$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды

Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда. 

«Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген Жарлықта.  

Осы қызметті атқарған Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. "Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген Жарлықта.  

Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев