$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 10-қабат балконынан аяқтарын шығарып, ойнап отырған балалардың ата-аналары жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіге салынған мына бейнелер мен суреттерде жасөспірімдердің 10-қабаттағы балконның жиегінде отырғаны анық байқалады.

Алматыдағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде балконнан аяқтарын сыртқа шығарып, ойнап отырған балалардың суреті көпшіліктің наразылығын тудырды, деп жазады 24.kz.

Әлеуметтік желіге салынған мына бейнелер мен суреттерде жасөспірімдердің 10-қабаттағы балконның жиегінде отырғаны анық байқалады. Бейнекөріністі түсіріп алған автордың айтуынша, бұл Алматыдағы «Гауһартас» тұрғын үй кешенінде болған. Алдымен 10-шы, кейіннен 16-қабаттың техникалық балконына шыққан жасөсіпірмдерді осы тұрғын үй кешеніне қонаққа барған Амаль Ибрагимова суретке түсіріп алған. 

Амаль Ибрагимова, қала тұрғыны: 

- Себебі ең бірінші мен балалардың өмірі үшін алаңдадым. Әрине, олар балалық жасап отырды. Дегенмен, ата-аналары өздерінің балаларын танып, оларға бұл іс-әрекеттің дұрыс еместігін, қауіпті екенін түсіндірсе деген ой болды дейді.

Ал қалалық полиция департаментінің өкілдері балалардың мұндай іс-әрекеттеріне ең алдымен  ата-аналары жауапты, дейді. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі: 

- Оқиға болған жерге сол тұрғын үй кешенінен учаскелік полиция, ювеналдық полицияның қызметкерлері жіберіліп, осындай қауіпті іс-әрекеттерді болдырған балалардың аты-жөндері анықталып отыр. Қазіргі таңда олардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабының нормалары бойынша әкімшілік хаттама толтырамыз. Кем дегенде он айлық көрсеткіш мөлшеріндегі айыпқа тағылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы