$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде ауа райы +37 градусқа дейін ысиды

Синоптиктер 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктер 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады, деп жазады КТК телеарнасы.

"Күнтізбелік жаз аяқталып келеді, бірақ жылы, ал кей жерлерде тек қысқа мерзімге ғана ыстық болып, Қазақстан территориясынан шегінеді. Солтүстік циклонның ықпалынан суық фронттармен еліміздің батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында екпінді желмен, найзағаймен жаңбыр күтіледі. Алдағы тәулікте ауа температурасы төмендейді, бірақ 29 тамызда қайта жоғарылауы болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.  

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 29 тамызда оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр болуы ықтимал, мұнда бұрынғыдай ыстық, күндіз термометрдің сынап бағаналары +28 - +37°С дейін көтерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы