$ 494.87  520.65  4.91

Кәсіпкер өліміне себепші болған бұрынғы полицей 8 жылға сотталды (ВИДЕО)

Оқиға полицей мен тұрғынның бірлесіп бизнес ашуынан басталған екен. Қапшағайдағы ауыл шаруашылық коопертивтерінің бірінен 60 тонна сарымсақ алып сатпақ болған.

Павлодарда кәсіпкер өліміне себепші болған экс-полицей 8 жылға сотталды. Сот үкімі кезінде айтылған мәліметке сүйенсек, ол 31 жастағы Павлодар тұрғынын бопсалап, қомақты ақша талап еткен. Қысымға шыдамаған кәсіпкер былтырғы жылы өз-өзіне қол жұмсап, 14 қабаттан құлап қайтыс болыпты, деп хабарлады AstanaTV.

Оқиға полицей мен тұрғынның бірлесіп бизнес ашуынан басталған екен. Қапшағайдағы ауыл шаруашылық коопертивтерінің бірінен 60 тонна сарымсақ алып сатпақ болған. Қарызды бөліп төлеуге келіскен полицей кейіннен сөзінен айнып, бар берешекті серіктесіне аудара салыпты. Содан оны бопсалап, ұрып-соғып қарызды төлеуді талап еткен. Тіпті, оны күштеп 6 млн теңге қарыз екендігін туралы қолхат та жаздырып алған. Ақыры қарызға белшеден батқан кәсіпкер қысымға шыдамай, өзіне қол салған көрінеді. 

"Сот Тайчик Ермек Әкімтайұлын адам өліміне қасқана итермелеу бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған ҚР қылмыстық кодексінің 58 бабы, 3 бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім күшіне енген күннен бастап қолданылады", - деді судья Мейрамгүл Әбілғазина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары