$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант беремін - жаңа еңбек министрі

Үкіметтің кезекті отырысында Бердібек Сапарбаевтың орнына еңбек министрі болып тағайындалған Біржан Нұрымбетов ант берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Үкіметтің кезекті отырысында Бердібек Сапарбаевтың орнына еңбек министрі болып тағайындалған Біржан Нұрымбетов ант берді.

"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін", - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары