$ 441.66  475.14  4.86

«Денесі ойылып қалған»: «Нұротандықтар» сұмдық жағдайдағы сәбилер үйін өз көзімен көріп қайтты (ВИДЕО)

Бүлдіршіндердің көбінің үстінде лыпасы жоқ. Сондай-ақ, оларды есімімен емес, нөмірімен атайды екен.

Қостанай облысының Рудный қаласындағы сәбилер үйіндегі бүлдіршіндер сұмдық жағдайда өмір сүрген. Олардың кейбірінің ұзақ жатқаннан денесі ойылып қалып, кейбірі өз құсығының үстінде жатқан. Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің сараптама тобының мүшелері арнайы мекемеде аяқ астынан тексеріс жүргізіп, балаларды құтқарып қалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыл сайын шамамен мың жарым бала мамандандырылған сәбилер үйіне түседі. Олар – денсаулығында түрлі ақау бар 4 жасқа толмаған жетім немесе ата-анасы бас тартқан балалар. Рудныйдағы осындай арнайы мекемелердің біріне аяқ астынан тексеріс жүргізген республикалық кеңес сарапшылары ондағы жағдайды көріп, қайран қалған. Себебі паллиативтік топтағы бүлдіршіндерді сыртқа шығармағандықтан, жата-жата денесі ойылып қалған. Сонымен қатар балалар өмір сүріп жатқан жерде санитарлық талаптар сақталмаған. Бүлдіршіндердің көбінің үстінде лыпасы жоқ. Сондай-ақ, оларды есімімен емес, нөмірімен атайды екен. 

«Гидроцефалияға шалдыққан бір баланың денесі ойылып қалған. Тағы біреуі өз құсығының үстінде жатты. Біздің көз алдымызда баланы есімімен емес, нөмірі бойынша атады. Мұның барлығы өзін қорғай алмайтын балаларға деген қарым-қатынасты көрсетеді», - дейді кеңес төрағасының орынбасары Динара Зәкиева. 

Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің ескертуінен кейін облыс әкімдігі Рудныйдағы сәбилер үйіндегі балаларды Қостанайдағы мекемеге ауыстыруға міндеттелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары