Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын;
Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін;
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.