$ 494.87  520.65  4.91

Аустралиялық миллионер жетістікке апаратын 5 түрлі кеңес берді

17 жасында ол бизнес жоспары жүзеге аспай, далада қалғанын айтады.

Көптеген қиындықтарды бастан өткеріп, тағдырдың тәлкегіне мойымай мақсатына жеткен австралиялық миллионер жетістікке апаратын бес түрлі кеңес берді.  Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZхабарлады.

Австралияның Мельбурн қаласының тумасы Гарри Сандерс қазір 21 жасқа толған шағында жеке бизнесін ашып, миллиондаған табысқа кенеліп отыр.

Дегенмен, жас жігіт бұндай жетістікке жету үшін талай қиыншылықты басынан өткерген.

17 жасында ол бизнес жоспары жүзеге аспай, далада қалғанын айтады.

16 жасында Гарри Сандерс алғаш рет SEO-ны дамытумен айналысатын компания құрған. Алайда, оның біліктілігі мен тәжірибесі жетіспегендіктен, жұмысы жүрмей қалған.

"Бірнеше күн не істерімді білмей көпірдің астында түнедім. Шынымды айтсам, біреуден көмек сұрағанда өзімді жаман сезінетінмін", – дейді Гарри Сандерс.

Бір жыл бойы жас жігіт біресе үйсіздер баспанасын, біресе достарының үйін паналап жүрген.

Бұл қиындықтарға қарамастан ол осы кезеңнен көп өмірлік сабақ алғанын жеткізді. Біраз уақыттан кейін ол өз бизнесін қайта жандандырған.

Қазіргі уақытта 21 жастағы Гарри Сандерс өзі негізін қалаған Studiohawk компаниясының директоры болып табылады.

Оның командасы ғаламторда іздеу жұмыстарын оңтайландырумен, яғни Интернетте веб-сайттардың танымалдығын арттырумен айналысады.

Қазіргі уақытта оның компаниясы 1,5 миллион австралиялық долларға бағаланып отыр. Жақында жұмыс ауқымы кеңейіп, Лондонда кеңсесі ашылған.

Қиындық көрген жас миллионер жетістікке жетуге көмектескен ойларымен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аустралия