$ 449.3  489.69  4.89

«100 нақты қадам: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»

Мемлекет басшысы Еліміздің дамуы үшін және әлемде алдыңғы қатарлы елдермен тең терезелі болу мақсатында көптеген оң шешім, батыл қадамдар жасаумен келеді.

Соның бірі, Елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, негізгі бағыттан адас­пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары.

Сондай-ақ, Реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етуіне байланысты Ұлт Жоспары деп аталды.  Яғни, бұл реформалар – тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, халықтың ісі.

Бұл тұста,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) ұйымдастыруымен, ОҚО Мақтарал ауданы Асыката, Мырзакент елдімекенінің халқымен кездесу өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Кәсіби мемлекет аппаратын құруға» негізделген бірінші институционалдық реформаны кеңінен насихаттау, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған реформаны қалың бұқара халыққа тереңінен түсіндіру болып табылады.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, кәсіпкерлер және жергілікті елдімекендердің тұрғындары қатысты.

Жергілікті халықпен кездесу барысында, Департменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ.Құлажанов Елбасымен ұсынылған «100 нақты қадам» және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша баяндама жасады. Мәселен, мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерін орталықтандыра отырып, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу көзделуде.

Бұл тұста, «Б» корпусындағылар бір мекемеден екінші мекемеге ауысуды былай қойғанда, сол мекеменің ішінде сатылық өсуде міндетті түрде ашық конкурстан өтетін болады. Бұл қағида тек бірінші басшының көмекшісі, кеңесшісі және баспасөз хатшыларына жүрмейтіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, Департаменттің бөлім басшысы Г.Мұсабекова Елбасымен жарияланған реформа жаһандық кризис, әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында уақтылы қабылданған шешім екенін жеткізді.

Іс-шара соңында, аталған реформаның нәтижелі іске асырылуы үшін бүкілхалықтық қолдау табу және бұқара халықтың барлығының белсенді қатысуына шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары