$ 494.87  520.65  4.91

30 кг есірткі тәркіленген: тасымалдаушы 11 жылға сотталды

Атап айтқанда, ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде К. Құсаинов 2019 жылғы 1 наурызда өзінің автокөлігімен Қарағанды қаласынан Павлодар қаласына «марихуана» есірткі затының ірі партиясын өңір аумағында өткізу мақсатында жеткізген.

ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы аумағына есірткі заттарын жеткізу өңірлік арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматы К. Құсаиновтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, деп хабарлады BAQ.KZ ақпараттық порталы.  

Атап айтқанда, ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде К. Құсаинов 2019 жылғы 1 наурызда өзінің автокөлігімен Қарағанды қаласынан Павлодар қаласына «марихуана» есірткі затының ірі партиясын өңір аумағында өткізу мақсатында жеткізген.

«ҰҚК департаменті биыл 2 наурызында К. Құсаиновты 20 кг «марихуана» есірткі затын өткізу әрекеті кезінде ұстаған. Бұдан өзге, тергеу амалдары кешенін жүргізу барысында тұтқын Павлодар қаласында тұратын туысқанының тұрғылықты жерінде жасырылған 10 кг «марихуананы» өз еркімен берді» - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қыметі таратқан ақпаратта.

Нәтижесінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 30 кг құрады.

Осыған орай 2019 жылы 16 тамызында Павлодар облысы қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты шешімімен тұтқын ҚР ҚК 297- бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі түзету колониясында жазасын өтеуге 11 жылға бас бостандығынан айыруға кесілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары