$ 494.87  520.65  4.91

Шопоголизмнен қалай арылуға болады?

Ониоманияны және шопоголизмнің түрлі формаларын емдеуге психотерапевтер көмектеседі. Ол темекі тарту немесе алкоголизм секілді тәуелділік екенін біліңіз.

Шопоголизмді қалай жеңуге болады? Ониоманияны және шопоголизмнің түрлі формаларын емдеуге психотерапевтер көмектеседі. Ол темекі тарту немесе алкоголизм секілді тәуелділік екенін біліңіз. Егер киім сатып алуға біраз ақшаңыз кететін болса, мына әдістерді қолданып көріңіз. 

1-әдіс. Сауда орталығына ақшасыз барасыз. Ұнаған киімдерді киіп көресіз, онымен суретке түсуге де болады. Бірақ сатып алмайсыз, оның орнына үйге келіп, оларды немен киюге болатынын ойлайсыз, коллаж жасайсыз. 

2-әдіс. Сауда орталығында жүргенде қалаған киіміңізді киіп көресіз және ұнағанын алып, кассаға келгенде ертеңге алып қоюын сұрайсыз. Кешке үйге келгенше жаңағы киімдерді алғыңыз келгені басылады. Ал таңертең ол сезім мүлдем жоғалады. 

3-әдіс. Ұнаған киімдердің суретін көрінетін жерге іліп қоясыз. Күнде сол киімдерге қарайсыз, немен киетініңізді ойлайсыз. Бірақ оларды сатып алуға дүкенге асықпаңыз. Біраз уақыт өткен соң суреттегі киімдердің жаңашылдығы жоғалады, тіпті, оларды сатып алғыңыз келмей қалуы мүмкін. 

4-әдіс. Интернет-дүкеннің сайтына кіресіз, алғыңыз келетін киімдердің бәрін "кәрзеңкеге" саласыз, бірақ сатып алмайсыз. Содан соң күнде немесе аптасына бірнеше рет кіріп, "кәрзеңкеңіздегі" киімдерді сұрыптайсыз: әр кірген сайын "алғым келмей қалды" деген киімдерді өшіре бересіз. Сөйтіп, 1-2 ай шамасында сұрыптау жүргізесіз. Нәтижесінде қалған бірнеше киімді, яғни, шынымен ұнайтын және қажетті киімді сатып аласыз.

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары