Нұр-Сұлтан қаласында «Есіл» ауданы полиция басқармасының жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
«Тәртіп сақшылары күндіз-түні еңбек етуде, біз олардың еңбегін жақсарту мақсатында жұмыс жасаудамыз.
Ауданның полиция басқармасына 10 арнайы автокөлік берілді. Ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды.
Қалалық Полиция департаменті қызметкерлеріне сыйақы беру үшін 130 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Полицейлердің жұмысының арқасында қаладағы қылмыс саны 40% - ға азайды», - деп жазба қалдырды Алтай Көлгінов.