Швецияның Мальма қаласында қылмыстық топтардың арасында қарулы атыс болып, 31 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sky News-ке сілтеме жасап.
«Швеция полициясы қолында баласы бар 31 жастағы келіншектің өлімін тергеуде. Оқиға дүйсенбі күні Мальма қаласында болды.
Жергілікті қылмыстық топтардың арасында болған қарулы қақтығыс кезінде әйел адамның басына оқ тиіп, көз жұмды», - делінген хабарламада. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыскерлер баланың әкесін атпақ болған деп есептейді.
Дереккөз: ҚазАқпарат