Режиссер Талғат Теменов шенеуніктермен достығы жайлы және бірнеше өзіндегі комплекс жайлы «Talk like» бағдарламасында айтты.
Ол Көшербаев, Тасмағамбетов, Мұхамеджанов секілді шенеуніктермен 35 жылдан бері араласады екен.
"Ол кезде ешкімде кресло, атақ болған жоқ. Керісінше олардың ішінде менде ғана көлік болатын. Бәріміз сонымен жүретінбіз. Кейде Иманғали менің көлігімді жүргізетін. Дастарханымыз, үйіміз, көңіліміз ортақ болды. Ал, кейін басшылық қызметке келуіме олардың ықпалы болған жоқ.
Мектепте оқығанда ата-анама сөз келмесе дейтінмін. Кейін Мәскеуде оқығанда қазаққа сөз келмесін деп жүрдім. Менің ондай комплекстер көп. Таңертең тұрғанда айнаға қарамайтын адаммын, қарасам жылағым келеді»,- дейді режиссер.