$ 443.37  474.49  4.83

Маңғыстауда шаңды дауыл: салдарынан көліктер соқтығысып жатыр (ВИДЕО)

Арақашықтық сақтамағандықтан, алты автокөлік бір-біріне "кіріп" кеткен.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылының маңында төрт жүк көлігі мен екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Куәгерлер жаппай жол апатына шаңды дауылдың тас жолдың дұрыс көрінуіне кедергі келтіруі сбеп болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 тамызда болған. Арақашықтық сақтамағандықтан, алты автокөлік бір-біріне "кіріп" кеткен.

"Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы негізінде әкімшілік хаттам толтырылды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ", - деді ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары