$ 445.66  474.58  4.78

«Бес адамға - біреуден»: елімізде қанша сиыр бар?

Ел үкіметі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы арқылы 2027 жылға дейін мүйізді ірі қара басын 15 миллион басқа жеткізуді межелеп отыр.

Елімізде сиыр малының саны жан басына шаққанда айтарлықтай аз. Қазақстанда қой мен ешкінің есебі ірі қараның санынан артық, деп жазады aikyn.kz.

ТМД елдерінің 2019 жылғы 1 шілдедегі статистикасына сүйенсек, Қазақстанда 8,6 млн мүйізді ірі қара тіркелген. Бұл көрсеткіш Ресей (19,2 млн) мен Өзбекстаннан (12,5 млн) кейінгі үшінші орынды білдіреді. 

Егер тек аналық сиырдың санын есепке алып қарасақ, республика бойынша 3,7 миллион бас қана бар. Демек, елдегі жан басына (18 507,9 мың адам) еншілей шаққанда бес адамға 1 сиырдан тимек. Ал, қой мен ешкінің саны 24 миллионнан асқан. Зеңгі баба тұқымының есебінен ТМД-да алғашқы орында тұрған Ресейде аналық сиыр саны 8 млн болса, Өзбекстанда 4,5 млн бас бар. 

Ел үкіметі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы арқылы 2027 жылға дейін мүйізді ірі қара басын 15 миллион басқа жеткізуді межелеп отыр. Ұзақ мерзімге бағытталған жоба нәтижесін берсе 2027 жылға қарай сиыр еті мен қой етінің экспортынан 2,4 млрд доллар табыс түседі деп күтілуде.

Еске сала кетсек, тұңғыш президент, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кеңейтілген отырысында биліктен көмек сұраған көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды сынап, «Микрокредит ал да, екі сиыр сатып ал! Өзіңді асыра!» – деп кеңес берген болатын. Енді міне, жалпы есеп бойынша елімізде бес адамға бір сиырдан ғана келетінін статистердің өзі дәлелдеп отыр. Демек, бұл – аталған микрокредитті отбасында он адамы бар бейбақ қана ала алады деген сөз. Малдан жан саны көп болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары