Подмосковьеде зейнеткер екі бөлмелі үйінде 500-ден астам егеуқұйрық ұстаған. Ол оларды тамақтандыра алмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК-ға сілтеме жасап.
Ашыққан егеуқұйрықтар іліккен тамақты жеп, сымдарды, еденді кеміріп тастаған. Оларды көрші үйге келген сантехник көрген. Көршісі үйіне су кеткен соң сантехник шақырған. Ол полицияға хабар берген.
400 жуық егеуқұйрықты еріктілер ұстаған. Олардың арасында сирек кездесетін егеуқұйрықтар да бар. Зейнеткер психологиялық ауруға шалдыққан. Қазір қария ауруханаға емге жатқызылған.