$ 449.58  486.94  4.86

Сауда үйін салып жатқан 4 жұмысшы қайтыс болды

Әзірге бар мәліметке сәйкес, Алмазар ауданында салынып жатқан «Riviera» сауда үйінде қайғылы оқиға түс кезінде болған.

28 тамызда Ташкентте «Riviera» сауда үйі құрылысында металл құрастырылым құлап, төрт жұмысшы қаза тауып, екеуі жарақат алған. Бұл жөнінде Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Орталық Азияның жаңалық қызметі хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге бар мәліметке сәйкес, Алмазар ауданында салынып жатқан «Riviera» сауда үйінде қайғылы оқиға түс кезінде болған.

Металл құрастырылымнан құлаған 6 құрылысшының төртеуі мерт болған. Екеуі республикалық медициналық жедел жәрдем орталығына жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары