$ 442.05  474.14  4.74

Маңғыстауда келесі жылы «Үнді жылы» аталып өтеді

Кездесу аясында 2020 жылы шілде айында «Маңғыстау облысындағы Үнді жылы» мәдени шарасын өткізу туралы келісімге қол қойылған.

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары  Әлихан Қыраубаев Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Прабхат Кумарды қабылдады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Маңғыстау облысының әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу аясында  2020 жылы шілде айында «Маңғыстау облысындағы Үнді жылы» мәдени шарасын өткізу туралы келісімге қол қойылған. 

Сондай-ақ, тау-кен өндірісі, білім, өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланған. 

Сонымен қатар, тараптар Маңғыстау облысы мен  «G Mar» үнді компаниясы арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіру  мүмкіндігін қарастыру туралы айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Маңғыстау