$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 292 км қашықтықта Алматы облысының аумағында болған.

Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ  29 тамыз күні Алматы уақыты бойынша 23 сағат  01 минут 37 секундта жер сілкінісін тіркеді. 

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 292 км қашықтықта Алматы облысының аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы 8.6. Магнитуасы 3.7 MPV. Бағыты 44.47° солтүстік ендікте, 80.10° шығыс бойлықта. Тереңдігі 10 км. Сезілу деңгейі байқалмайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы