$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған балалардың кім екенін анықтады

8 бен 11 жас аралығындағы жеті баланың ата-аналарына әкімшілік жаза қолданылады.

Алматы облысында полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған балалардың кім екенін анықтады деп жазады Tengrinews.kz.

Белгілі болғандай, оқиға Қаскелеңде орын алған. Балалар шатырға подъездегі тордың үлкен ұяшықтары арқылы кіріпті.

8 бен 11 жас аралығындағы жеті баланың ата-аналарына әкімшілік жаза қолданылады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде Алматы облысындағы биік үйлердің видеосы пайда болған еді.

Сондай-ақ, Алматы қаласында 10-қабаттың балконында аяқтарын салбыратып отырған балалардың фотосы пайда болғанын жазған едік.

Балконда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы