$ 442.05  474.14  4.74

Ақтөбеде автобустағы төбелес кісі өліміне әкелді

Қылмыс 29 тамызда қала орталығында болған.

Ақтөбенің автобусындағы жанжал адам өліміне алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеп.

Қылмыс 29 тамызда қала орталығында болған. Автобуста екі жас жігіт сөзге келіп қалған. Аялдамалардың бірінде олар сыртқа шығып, төбелескен. Бір сәтте бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Қанды қол оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Ал зардап шегуші қайтыс болды.

Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынды. Қайтыс болған 21 жастағы жігіттің артында жүкті әйелі қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе