$ 498.34  519.72  4.85

Перудің әскери әуе күштері орман өртін сөндіру үшін Боливияға келді

Бұған дейін жауынгерлер Чикитания аймағындағы тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан еді.

Перудің әскери әуе күштері орман өртін сөндіру үшін Боливияға келді. Ел президенті Эво Моралес жеке өзі Перу әскерилері мінген екі тікұшақты күтіп алды. 

Бұған дейін жауынгерлер Чикитания аймағындағы тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан еді. Енді олар Санта-Круздағы алапат өртпен күреспек. 

Айта кетсек, қызыл жалын Боливия мен Парагвай шекарасындағы орманды алқаптарда қаулап тұр. Ол осы уақытқа дейін 1 миллион гектар жерді шарпыған. Осыған байланысты ел билігі тілсіз жаумен күресу үшін халықаралық ұйымдардан көмек сұраған  болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Перу