31.08.2019, 21:58

Нұр-Сұлтанда асфальт опырылып түсті

Фото: Рязань.Лайф
Апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде Мәңгілік ел даңғылындағы автокөліктердің қозғалысы шектелмейді.

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел 39 мекенжайындағы асфальт опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала  әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК Мәңгілік Ел 39 асфальті опырылып түскен учаскеде кәріз құдығын қайта жаңарту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

«31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні жолдың астындағы кәріз құдығы ауыстырылады. Асфальттың опырылып түсуіне кәріз сырығының шайылуы себеп болған», - делінген хабарламада. 

Апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде Мәңгілік ел даңғылындағы автокөліктердің қозғалысы шектелмейді.

Тегтер: асфальт