Алматы облыстық МАИ қызметкері 18 жастағы қызды ұрлап, әбден зорлаған. Бұл туралы әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«18 жасар қызды Алматы облыстық МАИ-де жұмыс істейтін хайуан ұрлайды. Әкесі ғана бар екен. Сорлы қыз қанша жылап, көнбесе де әкесі «ұят болады» деп тастап кетеді. Той болмайды. Құдалықта пиджак кигізіп шығарып салады.
Содан кейін тегін үй қызметшісі, зорлау, ұру. 2 айдан кейін «Мен қыз болмадым» деген қолхат жазғызып алып, қызды қуып шығады», - деген ол танымал әншілерді қазақтың қызын қорғауға шақырды.